Төлемдер. Банк картасымен онлайн төлеуБіздің сайт интернет-эквайринг жүйесіне қосылған және Сіз Қызмет ақысын Visa немесе Mastercard банк картасымен төлей аласыз. Таңдалған Тауарды немесе қызметті растағаннан кейін TipTop Pay процессингтік орталығының төлем беті бар қорғалған терезе ашылады, онда Сіз банк картаңыздың деректерін енгізуіңіз керек. Карта иесін қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сіздің эмитент-банкіңіз осы технологияны қолдайтын болса, Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін банктің серверіне қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендіру ережелері мен әдістері туралы ақпаратты картаңызды берген эмитент-банкте нақтылаңыз.
Онлайн-төлеу қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес, төлемді орындаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау принциптері негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін жабық байланыс арналары арқылы деректерді тексерудің, шифрлаудың және тасымалдаудың ең өзекті әдістері қолданылады. Банк картасының деректерін енгізу TipTop Pay төлем бетіндегі қорғалған терезеде орындалады.
Төлем бетіндегі өрістерге карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның қолданылу мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетілген.
CVV2 / CVC2 — бұл картаның артқы жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Содан кейін сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін эмитент-банкіңіздің беті ашылады. Егер сізде статикалық 3-D Secure орнатылмаған болса, ол сіздің телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер 3-D Secure коды келмесе, эмитент-банкке хабарласуыңыз қажет.
3-D Secure — бұл интернет желісіндегі карталық төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең заманауи технология. Ол операцияны жасап жатқан карта иесінің түпнұсқалығын нақты сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялардың қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік кепілдіктеріTipTop Pay процессингтік орталығы Сіздің банк картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Төлем шлюзіне ақпарат беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асады. Ақпаратты одан әрі беру сенімділігі ең жоғары деңгейдегі жабық банктік желілер арқылы жүреді. TipTop Pay Сіздің картаңыздың деректерін бізге немесе өзге үшінші тұлғаларға бермейді. Карта иесін қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады.
Жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне support-kz@tiptoppay.inc электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.
Онлайн-төлемдердің қауіпсіздігіСіз ұсынатын дербес ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, e-mail, несие картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «TipTop Pay Kazakhstan» ЖШС кепілдік береді. Төлем карталарымен жасалатын барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру кезінде карталық онлайн-төлемдердің мамандандырылған қауіпсіздік технологиялары қолданылады, деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.
Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:- Авторизация жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының деректері (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді, өйткені бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және оларды ұрлау мүмкін емес.
- Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкен сайтында емес, тікелей TipTop Pay авторизация жүйесіне енгізеді, сондықтан сатып алушының карта реквизиттері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.